Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері

14.11.2022

2022 жылғы 14 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1-2 курс студенттері арасында "Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты: студенттердің құқықтық мәселелер бойынша білімдерін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Студенттер дайындаған баяндамалардың тақырыбы балалардың құқықтарын қорғайтын құжаттарды талдауға арналды. Пікірталас өткір, жанды сипатта болды, ешкім бей-жай қалмады. Онда құқық пен міндет дегеніміз не екендігі, олардың қай жерде көрсетілгені, жазылғаны, жіктелуі туралы сұрақтар талқыланды. Кураторлық сағатты қорытындылай келе, студенттер әр адамның құқығы ғана емес, өзі өмір сүретін қоғам алдында міндеттері де бар деген пікірге келді.



Текст
Виртуальная приемная